Қарғалы аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері 10 ақпан күні ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбылдың жыр мұрасы» атты диско-лекция болып өтті. Мақсаты: Ақынның өмір тарихына шолу жасай отырып, шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызына тоқталу. Кітапхана қызыметкерлері және тұрақты оқырмандар Ж. Жабаевтың шығармаларын талқылап мазмұнын ашты. «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған ақынның  өмір жолымен таныстырып, айтыстың асқан шебері екені айтыла кетті.