Қос-естек ауылдық кітапханасында «Жерді аялай біл» атты тақырыптық ic шара өткізілді, Аталған шара бастауыш мектеп жасындағы (2 сынып) балалар бойында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге, жарқын эмоционалды идеяларды қалыптастыруға бағытталған. Өз туған жеріне, барлық тіршілік иелеріне ұқыпты және құрметпен қарауға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, құстарға жанашырлық танытуын қалыптастырып, мейірімділік сезімін ояту, зейінділі  к пен байқағыштықты дамыту. Балалардың таныс ортада әдеттен тыс нәрсені көре білуін, дүние туралы ой-өрісін кеңейту.

 

Оқушыларды табиғатты, сонымен қатар барша тіршілік иелерін аялауға тәрбиелеу.