Қос-Естек ауылдық кітапханасы «Мен кітаппен доспын» атты әдеби аукцион өткізді. Белсенді оқырман дүниетанымын дамытуға бағытталған балалар әдебиетін насихаттау мақсатында өткен әдеби аукционға Қос-Естек орта мектебінің оқушылары қатысты. Кітапханашы балаларға түрлі жанрдағы кітаптарды сыйға тартты. Балалар «Ертегіні тап» викторинасының сұрақтарына жауап берді, жұмбақтар шешті. Кездесу соңында оқушылар кітаптар мен журналдарды тамашалады..