Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін!

  Бата туралы ой - өрісін кеңейтіп, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға , қазақ елін, оның салт - дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында наурыз айының 15-ші жұлдызында, Қарғалы ауданы бойынша кітапхана оқырмандары арасында аудандық марафон өтті. Марафонға  «Бата дарып, бақ қонсын» кітабы таңдалып алынды. Қатысқандар: А.Б.Айтжанов, И.Ш.Кенжин, Г.Ж.Абдрахманова, Т.Ә.Сүлеймен,  Д.М.Жаныс, Ә.Ы.Айнадинов , Е.Т.Картмагамбетов,  Д.Өмірхан, К.Е.Шибикбаева, А.С.Бикеев, У.Қ.Жаманшин, С.Р.Пишпанов.