"Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ
Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2-сәуір Халықаралық балалар кітап күніне орай "Менің сүйікті кітаптарым" атты кітап қоржыны өткізілді.
Шара барысында кітапхана оқырмандары өздерінің оқыған кітаптарын мазмұндап айтып берді.
" Менің сүйікті кітаптарым" атты тақырыпта ұйымдастырылған кітап көрмесімен, кітапхана меңгерушісі Ж. Нишпаева оқырмандарға таныстырды.
Мақсаты :Кітап - сарқылмас рухани қазына дей келе, білімінің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқырмандарға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау.









