7 мамыр- Отан қорғаушылар күні
7 мамыр- Отан қорғаушылар мерекесіне орай Қарғалы аудандық балалар кітапханасында «7 мамыр- Отан қорғаушылар күні» тақырыбында мерекелік шара өтті. Оқырмандарға Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу. Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға,Отанды сүюге, үлкенді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды . Шараға №2 Бадамша орта мектебінің оқушылары қатысты. Кітапханашылар тарихқа шолу жасай отырып, оқырмандарға «Отан қорғаушылар» туралы мағлұмат берді. Еліне ,халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Қазақстан Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Мерекелік шарада 2 класс қыздары хормен « Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындады. Ұлдардың орындауында « Тәуелсіз ел!» өлеңі көрермендер назарына ұсынылды.









