17 мамыр күні Ш. Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жылдығына орай "Ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран" атты танымдық экспресс өткізілді.
Шараның мақсаты Ұлы Жеңістің дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, соның ішінде қазақ қыздарының да Отан үшін жан қиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқырмандар назарына "Қазақтан шыққан қаһарман қыз - Хиуаз Доспанова" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана меңгерушісі Ж. Нишпаева "Қаһарман қыз Хиуаз", "Өшпес даңқ", т. б. кітаптарына библиографиялық шолу жасады.









