20 наурыз Степной модельді ауылдық кітапханасында 22 наурыз мерекесіне орай "Қазақтың дархан дастарханы" атты байқау өткізілді.
Байқау мақсаты: оқырмандарға қазақ дастарханының маңызын түсіндіру оның халық үшін қасиетті саналатын мән беру.
Байқауға ауылдың үлкендері және жастары қатысты. Әділқазылар алқасы қатысуымен байқау әділ өтті. Қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдары ет, бауырсақ, қуырдақ, жент тағамдарын дайындап әкеліп бақ сынады. Тағамдарының дайындау, әсемдеу жолын айтып берді. Әділқазылар мен көрермендер тағамнан дәм татты. Дастархан басында халық әндері шырқалды, Шараға қонақ болып келген 74 жастағы ақсақал қатысты. Ол өзінің ақ батасын беріп еліміздігін амандығын тіледі. Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс білдіріліп "Ең дәмді тағам", "Ең ерекше сәнді тағам", "Ең үздік тағам" т.б номинациялармен марапатталды.









