3 сәуір күні Петропавл ауылдық кітапханасында қазақ батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Амангелді батырым» атты кездесу-диалог өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ батыры Амангелді Имановтың ерлік істерін көрсету, патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілік пен өз халқының батырларына деген мақтаныш сезімін ояту. Шара барысында кітапханашы В.А. Слинченко оқырмандарды А.Имановтың өмірбаянымен таныстырды, 1916 жылғы Қазақстандағы халық-азаттық қозғалысы туралы қызықты мәліметтер берді. Оқырмандар диалогқа белсене қатысып, А. Иманов туралы оқыған кітаптары туралы әңгімеледі. Шошанова Б.Жамбыл Жабаевтың «Батыр туы» өлеңін оқыды.«Амангелді батырым» кітап көрмесінің кітаптарына шолу.