1 наурызда Қазақстан ең жарқын және маңызды мерекелердің бірін атап өтеді. Бұл - 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін аса қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі.
Алғыс айту күні мерекесі -ортақ тарих, барлық этностардың бір-біріне және қазақ халқының қолдауының арқасында бастан кешкен бірлескен қиындықтарды еске алу негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту мақсатында енгізілді.
Шара аясында Қос-Истек ауылдық кітапханасы оқушылар арасында "АЛҒЫС АЙТАМЫЗ БӘРІНЕ" атты жедел сауалнама өткізді. Сауалнаманы ауылдық кітапхана меңгерушісі- Г. Бейсенова жүргізді.
Сауалнамаға қатысушылар төмендегідей сұрақтарға жауап берді:
- Сіз кімге алғыс білдіресіз және не үшін?
- Сіз өз өміріңізде кімге ризасыз және не үшін?
-Ал сіздердің қайсыларыңыз өздерін ризамын деп санайды?
Іс-шара соңында балалар мұғалімдерге, ата-аналарға және тағы басқа жақындарына өз алғыстарын білдірді.