2022 жылдың 4 наурыз күні Қарғалы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Аналар- асыл жандар!» мерекелік ассорти өткізілді.
Оқырмандарға көктем туралы, 8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың, әжені құрметтеу. Анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке, қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға зейнеткерлер Копаева Сабиля, Кужакова Гүлтұрсын апайлар, әжелер Кайрашева Айгуль, Сахановская Светлана, аналар Гусманова Зайра, Күнай Перизат кітапханаға құрметті қонақ ретінде шақырылды. Қарғалы аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Ж. Мусина шараны құттықтау сөзімен ашты. Қарғалы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Уразбаева Гүлнар Қадырқызы өз тілегін, лебізін оқырмандарға арнады.
№1 Бадамша орта мектебінің 2 сынып оқушысы Дүсенбай Айзере «Аяулы анашым» әнін орындап, лебізін білдірді, Искендирова Диана, Кужакова Адина, Мұқаддин Айару жырлардан шашу шашты. Оқырмандарға ана туралы сұрақтар қойылды, мақал-мәтелдер айтылды, жас оқырмандарымыз. «Әжемді сәндеймін», «Әдеби лото», «Шебер қолдар» ойындары ойнатылды. Шара соңында кітапханашы К.Алжанова «Аналар- асыл жандар!» тақырыбында мерекелік кітап көрмесімен таныстырды.












