"Оқитын өлке" акциясы аясында Петропавл модельді ауылдық кітапханасы «Ақтөбе жерінің даңқты ұлы Сәбит Баймолдин» атты кітапханалық шолу өткізді.
Биыл «Оқитын өлке» акциясы аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сәбит Баймолдиннің шығармалары таңдалып отыр С.Баймолдин – 1966-1988 жылдар аралығында оннан астам үлкенді-кішілі жыр жинақтарын шығарған танымал ақындардың бірі. Сәбит Баймолдин өз өлеңдерінде өзге замандас ақындарға қарағанда шындықты айтуда батылдық танытқан, ақиқатты айту ақынның міндеті деп, сол жауапкершілігін сезіне білген ақын. Сондықтан, сол ерекшелігіне арнайы тоқталуды жөн санадық.
Сәбит ақынның ақындық кредосы, кері шегінбейтін азаматтық позициясы. Ақын осы өзі құрған шепті жанын салып, бар қаруын жұмсап қорғайды. Қорғап қана қоймайды, қарулас қаламдастарын күреске көтеріп, шабуылға да бастап шығады. С.Баймолдин – танымал ақындардың бірі.
Оқырмандар назарына Сәбит Баймолдиннің «Ақтөбе кітапханасы» сериясынан кітап ұсынылды. Бұл кітаптан «Мен көрмедім», «Сауал», «Сағыныш» өлеңдері оқылды.Шараға қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жадынамалар таратылды.









