10 сәуірде Ш.Қалдаяқов ауылдық модельді кітапханасы, мектеп кітапханамен бірлесіп Республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай "Менің атым Қожа" повесінен сұрақ-жауап әдеби ойын өткізді. Іс-шараның мақсаты - қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында кітапхана меңгерушісі Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларына және повестеріне түсінік беріп, "Балалар әдебиетінің бәйтерегі" атты кітап көрмесімен таныстырып шықты. "Менің атым Қожа" повесіне тоқталып, Қожаның бейнесін сомдаса, қалғандары сол повестегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлер туралы сұрақ - жауап ойыны өткізілді.









