26 маусым күні Ш.Қалдаяқов ауылдық модельді кітапханасы "Kids Book-2024" фестивалі аясында "Қиялдар әлемі" атты конкурс - викторина өтті.
Іс-шараның басты мақсаты оқырмандарды көркем әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған. Викторинада балалардын әртүрлі ертегілер туралы білімдерін бекіту үшін суреттер қолданылды. Балалар викторина сұрақтарына белсенді жауап берді, ертегілерді, олардың кейіпкерлерін бірге еске алды.
"Қиял әлеміне саяхат" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, кітапхана меңгерушісі библиографиялық шолу өткізді. Шара сонында балаларға мультфильм көрсетілді.