2025 жылдың 5 наурыз күні қарғалы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ал, қанекей, қыздар!» атты анасы мен қызы байқауы өткізілді.

Шараны Қарғалы аудандық өнер мектебінің домбырашылар ансамблі Қазанғаптың «Шынаяқ» күймен ашып берді, домбыра пәнінің мұғалімі Бағдат Аманбекович Қалағанов барша аяулы арулар мен қыздарға «16 қыз» халық әнін сыйлады. «Прогресс» би тобы өз өнерлерімен мерекелік шараның сәнін келтірді.

Байқау 4 кезеңнен тұрды: «Анамнан үлгі аламын» өзін - өзі таныстыру, «Қызға қырық үйден тыю» сұрақ - жауап, «Мен шебер аспазбын» аспаздық сайыс, «Үкілі камшат, бүрмелі көйлек» сән үлгісін көрсету.

Әділ қазылар алқасы шешуімен Спан Жайна Елемесовна Жауһар қызымен «Өнерлі ару», Утеуова Қуаныш Бейбитовна Асия қызымен «Көрікті ару», Иманалиева Даметкен Куатовна Аңсаған қызымен «Инабатты ару» номинацияларына ие болып, сыйлықтар ұсынылды. Уақыт көңілді, қызықты және пайдалы өтті.