Қарғалы аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен наурыз айының 6 - да коворкинг орталығында «Мерекеңізбен, асыл жандар!» тақырыбында дивертисмент кеш өтті. Мақсаты - анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқырмандарға ұлттық мәдениетімізді, дәстүрлерімізді насихаттау арқылы, халықты біріктіру мен болашақ ұрпаққа жеткізу. Қатысушылардың өнерлерін паш ету. Көңілді, әсерлі мерекелік атмосфера қалыптастыру.