14 наурыз күні Қарғалы аудандық орталық кітапханасында "Амал келді, жыл келді" атты көрісу күніне арналған шара өтті. Іс - шараның басты мақсаты - ұлттық дәстүрімізді насихаттау, жас ұрпаққа Көрісу күнінің маңызын түсіндіру және халықты татулық пен бірлікке шақыру.









