Қарғалы аудандық орталық кітапханасы мен аудандық мұражай бірігіп, BiblioArbat маусымдық жобасы аясында өлкетану бағытында "Қарғалы – тарих пен тағылым мекені" тақырыбында шара ұйымдастырды. Шараға ауыл тұрғындары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. "Өлкенің үні – әдебиет тілімен" тақырыбында кітап көрмесі таныстырылып, Қарғалы ауданының тарихынан құрылған сұрақтар негізінде Quiz ойыны өтті.









