Қарғалы аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері - әдіскерлер Жанат Түлкібаева, Анар Байсеупова және бағдарламашы Мерует Бисимбаева Қосестек ауылдық кітапханасында ауданның жас кітапханашыларына арналған "Жас маман: кәсіби шеберлік пен сауаттылық" атты семинар-практикум өткізді.