23-сәуір "Ұлттық ктап күні" қарсаңында "Артық білім кітапта" атты апталығының аясында 18 сәуір күні «QR-кодпен ашылған рухани әлем» Kitap_bar жобасы аясында ерекше форматтағы әдеби кафе ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Аталған шараның басты мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту және рухани құндылықтарды насихаттау болды.
Әдеби кафеге келген оқырмандар әртүрлі кітап кейіпкерлерінің бейнесі бейнеленген мэм-қима қағаздарын таңдап алып, сол кейіпкердің іс-әрекетін қимыл арқылы бейнелеп көрсетті. Бұл бөлім қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, шараның қызықты әрі еркін форматта өтуіне ықпал етті.
Шара барысында қатысушылар QR-кодтармен белсенді жұмыс жасады. Арнайы дайындалған QR-кодтарды сканерлеу арқылы оқырмандар түрлі әдеби шығармалар, авторлар туралы мәліметтермен танысып, жасырын тапсырмалар мен қызықты сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, шара аясында «Ең, ең, ең» атты танымдық тапсырма ұйымдастырылды. Бұл бөлімде оқырмандар «Ең сүйікті кітабы», «Ең сүйікті жазушысы», «Ең сүйікті шетел әдебиеті» туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Қатысушылар өздерінің оқыған шығармалары жайлы әсерлерімен
#ұлттықкітапкүні.
#23сәуірұлттықкітапкүні









