2026 жылдың 6 тамыз күні Қарғалы аудандық орталық кітапханасының алаңында ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттауға арналған «Абай – руханият шамшырағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Абайдың философиялық көзқарастары мен адамгершілік ілімінің бүгінгі қоғамдағы маңызын кеңінен таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқырмандардың сыни ойлау қабілетін дамыту.









