Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады. 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының шығармаларын оқуға ұсынылды. «Төлен Әбдікұлының парасат биігі» атты танымдық сағаты мен акцияның ашылуы Қарғалы аудандық балалар кітапханасында ұйымдастырылды . Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығын кітапханашы таныстырды. Көркемдік және танымдық-тағылымдық мәні зор дүниелері ұсынылған жазушының кітаптары кітап көрмесінде таныстырылды. Облысымызда 2011 жылдан бастап оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, жастар мен қалың жұртшылық арасында ең үздік өлкелік әдеби туындыларды кеңінен насихаттау мақсатында жыл сайын «Оқитын өлке» облыстық акциясы аталып келеді. Биыл акция аясында жазушы Өтебай Канахиннің шығармалары таңдалып отыр. Осыған орай «Жайсаңбайдан шыққан жампоз» атты танымдық сағаты мен акцияның ашылуы болып өтті. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Құрметті оқырман! Жазушы Төлен Әбдікпен Өтебай Канахиннің шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысқыларыңыз келсе, Қарғалы аудандық балалар кітапханасының қорындағы әдебиеттерді алып оқуларыңызға болады. Баршаңызды жазушылардың кітаптарын бірге оқуға шақырамыз!

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeId13d38f0f8f

Қарғалы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен, балалар ақыны, аудармашы Ермек Өтетілеуұлының 85 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Шараға 2 мектеп даярлық тобының оқушылары қатысып, ақынның өмір баяны, шығармашылығымен танысып, "Әйбат Әліппе", "Ғажайып буындар" ,"Әліпби" кітаптар топтамасынан танымдық тақпақтар, жаңылтпаш пен жұмбақтар, әңгімелер оқылды. Кішкентай оқырмандармен әдептілік, отбасы, Отан, табиғат тақырыбында ақынның тақпақтары, әңгімелері оқылды. Шара соңында "Бала тілін тапқан ақын" атты кітап  көрмесімен жас оқырмандар таныстырылып, сөзжұмбақ шешілді.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIde4c1c62648


23 желтоқсанда Қайрақты ауылдық кітапханасында «Халықтың рухани құндылығы» атты ашық сабақ өткізіліп, Республикалық «Бір ел – бір кітап» және облыстық «Оқитын өлке» акцияларының жабылуы болды. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын, және Сәбит Баймолдиннің өлеңдерін оқуға насихаттау мақсатында өткізілген іс-шаралардың қорытындысын шығару, атсалысқан оқырмандарды марапаттау. Кітапханашы А.Байтұрсынұлының ақын, мемлекет қайраткері, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым, «Тіл құралы» атты оқулығын жазғанын және қазақ әліппесінің авторы екендігін айтты. Оқырмандар Жиенбаев С., Казмгамбетова К., Боярский Т., А.Байтұрсынновтың «Маса» атты өлеңдерін және А.С.Пушкиннің («Балықшы мен балық», «Алтын әлемі») М.Ю.Лермонтовтың («Мцыри») атты аударма өлеңдерді оқып берді. Қазақ тілі мүғалімі А.К.Сатубалдина «Оқитын өлке» акция аясында С.Баймолдинның шығармалары туралы тіл жатық, өлеңдері ұнамды, екенің айтты өз пікірін ортаға салды. Оқушылар Тулебаев А., Бек Д., Советова Г., ақынның «Сенемін саған» , «Іңкәр күндер», «Бесік жыры», «Төл кеме» өлең кітаптарынан үзінділер оқыды. Шара соныңда А.Байтұрсынұлының ,С.Баймолдиннің шығармаларын насихаттауға және акция аясында өткізілген іс-шараларға атсалысқан оқырмандар Жиенбаев С., Боярский Т. және «ОқыLIKE» жоба аясында ұйымдастырылған байқауға қатысып 2 ші орынды иеленген Изтлеуова А. М. Марапатталды. «Ахмет мұрасы – алтын қазына» және «Толағай ақын, толастамас жыл иесі» атты кітап көрмелеріне библиоргафиялық шолу жүргізілді.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeId38473bd20f


16 желтоқсан Қайрақты ауылдық кітапханасында “Ымырттағы кітапхана” іс-шарасы өтті. Шара мақсаты: оқырмандарға тәуелсіз елін шексіз сұюге баулу, патриоттық рухқа тәрбиелеу, Отанды құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. Шара барысында Азматтық, теңдік, тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер құрбан болмады, және Желтоқсан оқиғасы туралы мағлұматтар айтылды. Желтоқсан құрбандары Л.Асанова, Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджанова, Қ.Рысқұлбековтердің ерлігі мен өмірі туралы айтылды. Оқушылар тәуелсіздік тақырыбында қойылған сұрақтарға жауап беріп, зияткерлік саыйсқа қатысты. Кітапхана меңгерушісі кітапханаға жаңадан түскен кітаптармен және “Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы” атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeId25b24429f0

8 желтоқсан Степной модельді ауылдық кітапханасында ақын Әзілхан Нұршайықовтың 100жылдығына орай ұйымдастырылған "Мөлдір махаббат жыршысы " атты әдеби сағат өткізілді.
Шараның мақсаты оқырмандарды ақынның өмір жолымен, еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру.

 

    

8 желтоқсан күні Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына орай "Кемеңгер қаламгер" атты бейне дәрісі өткізілді.
Шараның мақсаты Қажығали Мұханбетқалиұлының өмірімен және шығармаларымен таныстыру.
Шара барысында оқырмандар жазушының өмірбаяны және шығармалары туралы ақпарат алып, кітапхана меңгерушісі кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізіп, слайд көрсетілді. Кітап көрмесіне Қажығали Мұханбетқалиұлының хикаяттар мен әңгімелері, "Тар кезең", "Тяжкие времена" тарихи романдары, буклеттер қойылды.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeId2b057261fc

25 қараша күні Ш. Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл толу мерейтойына арналып "Тіл білімінің атасы" атты әдеби панорама өткізілді.
Шараға "Бөбек жай" балабақшасының бүлдіршіндері қатысты. Кітапхана меңгерушісі кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу өткізді.
Мақсаты: қазақ тіл білімінің негізін салушы мемлекет қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен таныстыру, мемлекеттік тілді құрметтеу.


Қайрақты ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдық мерей тойына орай «Қаламы қарымды жазушы» атты кітапханалық бенефис өтті. Шараның мақсаты: оқушыларды ұлы жазушының, шығармаларын оқуға баулу, рухани азық болатын шығармаларды оқи отырып дүниетанымдарын кеңейту. Ғ.Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстырылды. Тары дақылынан мол өнім алуда дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесі және келешек ұрпақты еңбек сүйгіштікке, адамдыққа жетелейтін, тәрбиелік мәні жоғары шығарма «Миллионер» повесін, Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған. «Қарағанды» романын жазды. Жазушының сөйлемді қысқа құрып, аз сөзге көп мағына беретінің тілі қарапайым да жатық, оралымды ұтымды, екені айтылды. Осы шығармалар қалың оқырманның сүйікті шығармасына айналған қазына екендігін кітапханашы Б.А.Абаева айтып өтті. «Алынған кек», «Тұтқын», «Керуен» секілді шағын туындыларынан оқушылар үзінді оқыды. Шара сонында «Қаламы қарамды жазушы» атты кітап көрмесінебиблиографикалық шолу жүргізілді.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeId79fa976eb1

 


"Кітапханаға кітап сыйла"! акция. Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау - қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, Ш. Қалдаяқов модельді ауылдық кітапхана қорын әр салада ғы көркем әдебиеттермен толықтыру, жас оқырмандарға қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, кітап оқуға тарту мақсатымен 10 қараша күні "Туған жерге тағзым" жобасымен "Кітапханаға кітап сыйла" атты акциясы өтті. Акцияға кітапхана оқырмандары өздерінің оқыған кітаптарын сыйға тартты.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIdd933e615cf
«Кітапханаға-кітап сыйла»

«Туған жерге тағзым» жобасы аясында, Қарғалы аудандық орталық кітапханасы 16 қыркүйек күні «Кітапханаға-кітап сыйла» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мақсаты: халықтың  рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту. Сирек кездесетін және 2000 жылдан бастап жарық көрген қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі: ғылыми, тарихи, ауыл шаруашылық, құқықтық, көркем және әлем әдебиеті тақырыптарындағы әдебиеттер қабылданды. Басты талабы-кітаптар жақсы жағдайда болуы тиіс.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игілігінің бірі – толыққанды білім алу үшін кітаптың алар орны ерекше. Кітап – адамның жан дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлығы. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. "Кітапханаға кітап сыйла" акциясына оқырмандар, мектеп оқушылары, ұстаздар, өз үлесін қосып, көркем әдебиеттерді сыйға тартты. Сыйға берген кітаптары кітап сөресінен ерекше орын алып қана қоймай, оқырмандарға ерекше қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Сыйға берген әр кітабы өз оқырманын табады деген сенімдеміз.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIde943525bbd


Қарғалы аудандық балалар кітапханасында  Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына  орай  «Ахмет Байтұрсынов- қазақ халқының рухани көсемі» атты конференция ұйымдастырылды.   Оқырмандарға     Ахмет Байтұрсыновтың  өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында өтті.   Шараға Аудандық ішкі саясат бөлімінің  маманы Уразбаева  Г.К,  №2  Бадамша орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Ержанбаева Г.Н,  9 «Б» класс оқушылары қатысты.   
Шарада  Аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Уразбаева Г.К  «Ахмет Байтұрсынұлы -Алаштың бес арысының бірі»,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі  Ержанбаева Г.Н  «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы.».  Бақыт. М «А.Байтұрсынұлы – кемеңгер қоғам қайраткері»,  Қалдыбаев Ж  «Ұлттың ұстазы»  баяндамаларын оқыды.
Кітапханашы  ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, ақынның өлеңдерін  «Оқуға шақыру»   Қанмамай А, «Адамдық диқаншысы»  Казиева Б,     «Анама хат»    Нұрпейіс Б.  мәнерлеп  айтты. «Қасқыр мен қозы» мысалынан көрініс көрсетілді, Тугелов Ж, Канмамай К,  Аманқосов Қ  көрініске белсене қатысты. Шара соңында «Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының рухани көсемі»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ақынның кітапхана қорындағы кітаптарымен, ақын шығармашылығына арналған буклеттермен, баспа басылымдар  койылып, оқырмандарды кітап көрмесімен кітапханашы  Алжанова К.Т  таныстырды.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIdf2c3ad4c3a


"Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ 14  маусым күні Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында "Ақтөбе облысына - 90 жыл" атты экспресс - сауалнама өткізілді. Кітап көрмесінде Ақтөбе облысының тарихы туралы деректер айтылды. Оқырмандар Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының туралы қызықты ақпараттар алды. Көрмеге "Айналайын Ақтөбе", "Ақтөбе облысының тарихы"," Ақтөбе тарихы" т. б кітаптар, библиографиялық әдістемелер және буклеттер қойылды.
Мақсаты : Ақтөбе облысының тарихымен таныстыру, кітаптарды насихаттау

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeId07448569d8


Балалар еңбегін пайдалануға жол жоқ!
Әлімбет модельді ауылдық кітапханасы «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқан аясында «Балалар еңбегін пайдалануға жол жоқ!» атты тақырыптық сөре құрылды.
Тақырыптық сөреге Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы, «Бала құқықтары туралы Конвенция», балалар мен жасөспірімдердің қиын тағдырлары баяндалған С. Аксаковның «Детские годы Багрова-внука», Ч. Диккенсының «Оливер Твист», М. Прившиннің «Кладовая солнца», Ш. Перроның «Золушка», М. Горькийдің «Детство», М. Твеннің «Приключения Тома Сойера», Н. Некрасовтың «Плач детей» шығармалары қойылды.
Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсылық күні қарсаңында оқырмандарға баланың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат ұсынылды.
​ ​
Нет! – эксплуатации детского труда
В рамках Национальной информационной кампании «12 дней борьбы против эксплуатации детского труда» Алимбетовская модельная сельская библиотека оформила тематическую полку «Нет! – эксплуатации детского труда».
На тематической полке представлены: ЗаконРеспублики Казахстан «О правах ребенка», «Конвенция о правах ребенка», художественные произведения: С. Акакова «Детские годы Багрова-внука», Ч.Диккенса «Оливер Твист», М. Прившина «Кладовая солнца», Ш. Перро «Золушка», М. Горький «Детство», М. Твен «Приключения Тома Сойера», Н. Некрасова «Плач детей», в которых описываются трудные жизненные ситуации в жизни детей и подростков.
Читателям была представлена информация о правах и обязанностях ребенка, так как этот день служит символом для объединения усилий всемирного движения по искоренению детского труда. 

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIdc9b210312f


Рәміздерім-мақтанышым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына «Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық орталық саябақта «Рәміздерім-мақтанышым» атты шара өткізді. Шара мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстанға , сүйіспеншілікке рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу. Мемлекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету, авторларын таныстыру, жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту. Шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Кітапханашы З.Гусманова аудан тұрғындарына, оқырмандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы толық мәлімет беріп, кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеге еліміздің Мемлекеттік рәміздері туралы кітаптар, баспа басылымдар, буклеттер қойылды.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeId745a5459a8

19 мамыр күні Қарғалы аудандық орталық кітапханасы «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам»  тақырыбында пікірталас өткізді.  Шараның мақсаты: қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Шараға кітапхана оқырмандары, әр сала қызметкерлері, колледж студенттері қатысты. Кітапханашы Зайра Гусманова тақырыпқа сай бейнежазба көрсетіп, қысқаша мағлұмат берді.
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Сыбайлас жемқорлық белең алған мемлекет дамымайды, өркендемейді. Сол үшін мықты мемлекет пен бірлігі бекем ел болуымыз үшін адалдыққа жол беруіміз керек, сонда ғана өсеміз, дамимыз.

 


Малая Родина… Такие простые, родные сердцу каждого человека слова…Это уголок земли – красивый и неповторимый, который мы с любовью называем родным краем, который всегда будет для нас самым светлым местом. Знание истори родного края - неотъемлемая часть патриотизма.     
     К 90 летнему юбилею, который отметит наша  наша Актюбинская область в 2022 году Жосалинская сельская библиотека провела юбилейный калейдоскоп ""Ақтөбе біздің туған өлке".В ходе которого присутствующие на мероприятии познакомились с тем, что наша область уникальна многообразием ландшафта и природными богатствами,  обладает уникальной историей и богатым культурным наследием.
    Мы с чувством величайшей гордости отмечаем, что наша область является кладовой духовного богатства, берущего свое начало из глубины веков. Земля, веками хранившая культуру Великой степи, ставшая колыбелью народной мудрости  явила миру немало справедливых и мудрых биев, бесстрашных батыров, выдающихся поэтов, великолепных писателей.
  Подробней познакомились  с жизнью и творчеством поэтов и писателей юбиляров: 
М. Курманалин -95,
Д.Досжанов  -80,    К.Мухамбеткалиев -80, Б.Имангазина -80.
Сабит Баймолдин, которому отмечается 80 -летний юбилей и с творчеством которого мы будем  знакомиться в течении этого года, в рамках областной акции " Оқитын өлке".

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIdd08f383fd8


Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ
Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында 2022 жылдың 13 сәуір күні "Парасатты қоғам - Тәуелсіздік тірегі" атты экспресс - сауалнама өткізілді.
Шараның мақсаты адам бойындағы асыл қасиеттер мен мінез-құлықтың дұрыс қалыптастыруына негіз болу. Оқырмандардың өз ойын еркін айтуға, жастар бойында адалдық, парасаттылық, құндылықтарын дәріптеу.
Іс шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапхана меңгерушісі Ж. С. Нишпаева кітап көрмесімен таныстырып, қысқаша шолу өткізді.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIdd952ff304e


Қарғалы аудандық балалар кітапханасы ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің классигі, XX ғасырдың ұлы суреткері, көрнекті қоғам қайраткері Мүсірепов Ғабит Махмұтұлын туғанына 120 жыл толуына орай  «Ғабит  Мүсірепов - Ұлтына ұлағат қалдырған» атты әдеби - танымдық сағат өтті.
Сөз зергері, ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға - Ғабит Мүсіреповтың  шығармаларының идеялық тақырыбын жан - жақты ашу. Оқырмандардың танымдылық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ауызша сөйлеу мәдениетін, іздемпаздық ой - өрісін дамыту. Жазушының өнегелі өмірін, шындықты бетке айтатын қайсарлығын, қайратын үлгі ете отырып, оқушыларды туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, ерлікке, мейірімділікке, елін сүюге баулу мақсатында өткізілді.
Шараға №2 Бадамша орта мектебінің  7 «ә», 11 "б" сынып оқушылары мен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ержанбаева Гүлжан Нұртазақызы қатысты.
Шарада кітапханашы К.Алжанова  жазушының өмірбаяны, еңбек, шығармашылық жолы туралы мағлұмат берді. Қадыр Мырза Әлі Ғ.Мүсіреповке арнаған «Жыл сана, жырлар сана»  Оразай Шапағат, Мұқағали Мақатаевтың «Ғабаңа» Темірханова Әсем өлеңдерін оқырмандар назарына ұсынды.
Шара соңында «Ғабит Мүсірепов - қазақтың әйгілі жазушысы» атты кітап көрмесінде ақынның кітапхана қорымыздағы көптеген кітаптарымен оқырмандар таныстырылды.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIdf25f2209c0


1 сәуір - Күлкі, әзіл - қалжыңға толы сонымен қоса өзгелерді алдау күні деп те есептеледі. Бұл күні алданғаны үшін ешкім қабақ шытпайды. Осыған орай Қарғалы аудандық орталық кітапханасы  «Күлкі керуен» атты әзіл минутын өткізді. Шара кітапхана қызметкерлері арасында қызықты әрі көңілді өтті. Әзіл әлеміндегі кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әзіл сұрақтар қойылып, көңілді жауаптар алынды. «Менің бейнем» ойынында қатысушылар смайликтерге қарап көрсетілген бейнені өз бет әлпетімен  көрсете білді. Қағаз қиындысына жазылған сөздерерді қимыл арқылы түсіндірді. Соңында жылы жүрекпен бір-біріне шынай тілек айтып аяқтады. Қыстың қыспағын, көктемнің алай-дүлей мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні бір-бірінің көңілін қалжыңмен көтеруге тырысады. Әр күндеріңіз көңілді өтсін!

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeId95a2ff5380


Наурыз мейрамы- праздник весеннего обновления, он знаменует благополучное завершение зимы, начало нового года и возражение зимы.
Считается, что празднование Наурыза принесет в дом изобилие и успех на целый год.
Празднование сопровождается повсеместным весельем, играми и другими увеселениями.
Не остались в стороне и юные читатели Бозтобинской сельской библиотеки. Они приняли участие в праздничной викторине "Что за праздник Наурыз". Ребята отвечали на вопросы викторины, связанные с историей праздника, обычаями традициями казахов. За правильные ответы участники получили призы.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIdb3b5ccf904


Весной 22 марта, начинается солнечное равноденствие, день увеличивается во времени, становится равным ночи, весна вступает в силу по настоящему, сквозь землю пробивается молоденькая травка, а на деревьях распускаются почки.
Поэтому этот день у восточных народов считают началом нового года.
В этот тёплый, весенний праздник Наурыз люди ходят друг к другу в гости, прощают все обиды, угощают традиционным наурыз коже и разными вкусными блюдами. При встрече заключали друг друга в объятия, высказывали самые добрые пожелания, желали здоровья.
В преддверии праздника библиотекарь Бозтобинской сельской библиотеки организовала выставку "Наурыз бірліктің бастауы".
В ходе выставки библиотекарь познакомила участников с национальным колоритом казахской культуры. Были показаны предметы быта,одежда, музыкальные инструменты казахов. В завершении ребята рассказали друг другу о том, как празднуют Наурыз в их семье.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIdf2dc69d38e


Көрнекті жазушы, драматург, сценарист Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай «Ғабит Мүсірепов: тұлға, тағдыр,шығармашылық» атты әдеби турне өтті.

Жастарға ұлы қазақ жазушысы, ұлттық драматургияның көрнекті өкілдерінің бірі, аудармашы, әдебиет сыншысы Ғабит

Мүсіреповтің өмірбаяны мен ерен еңбектері айтылды. Балалар ақынның рөлінде оның ішкі ойларын оқып, өздерін көрсете алды. Сонымен қатар Ғабит Мүсірепов кітаптарының қысқаша мазмұнымен танысты.

Іс-шараға "Мерейгер-жазушы" кітап көрмесі дайындалып, жазушының өмірі мен шығармашылығы, оның негізгі шығармалары: "Қазақстан жауынгері" романы, "Оянған өлке" эпикалық полотносы, "Ұлпан оның есімі" романы және т. б. туралы шолу жасалды.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIdb4483e211e


14 наурыз күні Әлімбет ауылдық клубы мен ауылдық кітапхана бірлесіп Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған" Көрісу " амал мерекесіне  ұйымдастырылған іс шара өтті.
Іс-шараға қатысушыларды келе жатқан наурыз мерекесімен ауылдық клуб меңгерушісі М.Тарғын және ауылдық кітапхананың  меңгерушісі Н.Дәрменова құттықтады.
Бүкіл түркі халықтарының ұлттық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрыпымызбен байланыс арқылы насихаттау, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітап көрмеге қойылған мерзімді басылымдардағы кітаптар мен материалдар пайдаланушылардың қызығушылығын тудырды. Бұл-мерекенің шығу тарихы, қазақ халқы мен Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері туралы баяндайтын кітаптар. Наурыз мейрамында наурыз көжені арнайы тағаммен тамақтандыру дәстүрі туралы айтылды. Осы ұлттық тағам туралы әңгімеден кейін қатысушылар Наурыз – көжеден ауыз тиіп дәм таты сонымен қоса қазақтың ұлттық ойыныдары ұйымдастырылды.Қонақтар алғыстарын айтып,ауыл ақсақалы С.Алмағамбетов дастарға наурыз батасын берді.Іс-шара қызықты әрі көңілді өтті.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!




В рамках программной статьи  Первого Президента  страны Н.А. Назарбаева «Семь граней Великой степи»  для пользователей Жосалинской сельской библиотеки был проведен литературно- исторический микс  "Истоки Великой степи». 
Цель мероприятия формировать патриотизм через изучение культурного наследия, воспитывать у подрастающего поколения интерес и уважение к историческому наследию казахского народа. В ходе мероприятия  для присутствующих ребят был  сделан акцент на то, что Великая степь подарила миру коневодство и всадническую культуру, что богатая многообразными металлическими рудами, наша страна стала одним из первых центров появления металлургии, что использование образов животных в быту было символом взаимосвязи человека и природы, указывало на духовные ориентиры степняков. Сенсационным для мировой науки открытием, позволившим по-новому взглянуть на наши истоки, стал найденный в Казахстане в 1969 году в Иссыке «Золотой человек», именуемый в кругах ученых-искусствоведов «казахстанским Тутанхамоном». Большое значение для истории казахов и других народов Евразии имеет Алтай.   Уникальное географическое расположение Казахстана способствовало возникновению транзитных «коридоров» между различными странами и цивилизациями. Начиная с рубежа нашей эры, эти сухопутные маршруты трансформировались в систему Великого шелкового пути – трансконтинентальную сеть торговых и культурных связей между Востоком и Западом, Севером и Югом Большой Евразии. Было отмечено, что предгорья Алатау являются «исторической родиной» яблок и тюльпанов. Именно отсюда эти скромные, но значимые для всего мира растения постепенно расселились по всем странам. С этими основными направлениями программной статьи"Семь граней Великой степи" познакомили библиотекарь Гайдай Т.     и гости мероприятия специалисты Кемпирсайского сельского акимата Гусманов К.   и Сулейменова Б.
Библиотекарь познакомила ребят с книжной выставкой "Ұлы даланың жеті қыры", где была представлена вся палитра литературы, в которой отражены семь граней великой степи.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeId5a0d3cc433


Қарғалы аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қаламгер жазушысы Сәбит Баймолдиннің шығармаларынан кітап көрмесін жасады. Жазушының "Жер мекен", "Қырда туған", "Сағыныш" және т.б көптеген ой толғаулары жазылған кітаптарын оқуды оқырмандарымызға ұсынамыз.


 

 

"Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ
Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында Амантай Өтегеновтың туғанына орай "Ақын әлемінің әсем үні" атты бейне дәрісі өткізілді.Шараның мақсаты: белгілі журналист, аудармашы, ақын, сөз шебері,  Амантай Шәмілұлы Өтегеновтың шығармашылығын насихаттау. Амантай Өтегенов 1951 жылы 26 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Қарағанды ауылында туған. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Ақынның ошақты жыр жинақтары жарық көрді. Абайдан бастап көптеген жазушы, ақындардың туындыларын орыс тіліне аударды. "Әдебиетті" жанымен сүйіп, оған бар ынтасын беру көптің қолынан келе бермейді. Қарымды қаламгер, абзал азамат Амантай Өтегенов "Нағыз ақын" деген атаққа лайық ақындардың бірі. Кітапхана меңгерушісі Ж. Нишпаева шараға қатысқан оқырмандарға жазушының шығармаларына шолу жасап, кітап көрмесімен таныстырылды.

View the embedded image gallery online at:
https://gukrzbs.kz/kz/55-2.html#sigFreeIdaf21eb07dc

 

22 декабря в Бозтобинской сельской библиотеке прошло мероприятие  журнал "Библио-Time".

Мероприятие прошло в рамках поддержки года детского и юношеского чтения.
Цель мероприятия: привить любовь к чтению, развитие читательского интереса, освящение событий, мероприятий прошедших в Бозтобинской сельской библиотеке за 2021год.
В ходе мероприятия для юных читателей был презентован стенд Библио-Time.  На стенде были отображены главные события  уходящего года прошедшие в библиотеке, а так же подведены итоги года.

 

 

 

 

 

Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Батыр бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлтарақтай жер үшін шайқасты, сол бабаларымыздың аманатын іске асыратын – жастар. Исатай мен Махамбеттің Жәңгір ханға қарсы болуы, жауласуы, Хан ордасын шаппақ болған әрекеті - тарихи шындық. Көтерілістің шығуы да, жеңілуі де шындық және заңды. Тәуелсіз қазақ елінің мәңгілік болашағы тұрғысынан қолға ұстар ұранымыз – Исатай мен Махамбеттің жанкешті батырлық рухы. Қазақ ұлтының ұлтсыздануына жол бермеген ерен ерліктері ұлт есінен мәңгі өшпейді.
«Ел намысын ер қорғайды, Ер ерлігін ел қорғайды» деген мақал әрбір қазақ баласына айтылған бойтұмары болуы тиіс.
Қарғалы аудандық орталық кітапханасы 2021 жылы желтоқсан айының 9 күні саяси көсем, қайсар қолбасшы, халық батыры Исатай Тайманұлының туғанына 230 жылдығына орай   «Ел үшін туған ер еді» атты конференция өткізді. Мақсаты: 1836-1838 жылдардағы азаттық күрестің басшылары Исатай Тайманұлының күреске толы өмір жолын ұғындыру, тарихи тұлғалардың ұлылығын, қайраткерлігін, ерлік істерін таныту, болашақ ұрпақты Исатайдың рухы арқылы тәрбиелеу, азаттыққа үндеу. Отанды сүюге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тарихи тұлғалар есімін қастерлеуге тәрбиелеу, бейбіт, тәуелсіз, азат өмірді насихаттау.
  Конференцияға тарихшы ұстаздар, Бадамша агротехникалық колледжінің студенттері, №1 Бадамша орта мектебінің оқушылары, аудандық «Қарғалы» газетінің тілшісі қатысты.  №1 Бадамша орта мектебінен келген  тарих пәнінің мұғалімі Габдулкадиров Олжас, №2 Бадамша орта мектебінен келген  тарих пәнінің мұғалімі  Дымкарова Рауза ,  аудандық орталық кітапхана әдіскері Қартбаев Қанат баяндама оқып, сөз сөйледі. Екі тілде өткен конференцияны кітапханашы Гусманова Зайра жүргізіп, оқырмандарға бейнероликтер көрсетті.

--