26 тамыз күні Қарғалы аудандық балалар кітапханасы 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған, «Ата Заңым – мақтанышым!» информ дайджест ұйымдастырылды. Шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, оқырмандарға Конституция туралы мағлұмат берілді, кітапханамыздың оқырмандары Егеменді Қазақстан туралы әндер, тақпақтар айтып, кітапханашы койған интеллектуалды сұрақтарға белсене қатысты. Шара соңында «Ата Заңым – мақтанышым!» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.