Петропавл модельді ауылдық кітапханасында "Шерхан Мұртаза-сөз зергері" атты әдеби портрет өткізілді. Шерхан Мұртаза Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері. Ол 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінде туған. Іс шара барысында қатысушылар жазушы-журналист ағамыздың өмірі мен шығармашылығымен, және қызықты деректермен танысты. Қатысушылар жазушының көркем туындыларын оқыды.









