«Ата заңым-мақтанышым»
Қарғалы аудандық орталық кітапханасы 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай, аудандық орталық саябақта «Ата заңым-мақтанышым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхана қорындағы «Ата заң» туралы кітаптар, баспа басылымдар, буклеттер қойылып, аудан тұрғындарына кітап көрмесімен кітапханашылар: З.Гусманова, К.Алжанова таныстырды. Шара соңында оқырмандарды кітап оқуға, Ата Заңымызды құрметтеуге шақырылды.