Қос-Истек ауылдық кітапханасы қалың көпшілік назарына " Ахмет Байтұрсынов –қазақ даласының ұлы " әдеби калейдоскопын ұсынады.  Іс-шараның мақсаты - оқушыларға ағартушы ұлт мұғалімінің мұрасын насихаттау. Қос-Истек орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Койшибаева Диляра оқырмандарды ғалым, ақын, түрколог, аудармашы, публицист, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы ұлт тұлғасынык өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды. Шара соңында "Ахмет Байтұрсынов –қазақ даласының ұлы"атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Сондай-ақ,
ұлы тұлғаның туғанына 150 жыл толуына орай, кітап сүйер қауымға Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқуға шақыратын "Бір ел - бір кітап" акциясы туралы мәлімет берілді.