Петропавл модельді ауылдық кітапханасында "Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілі бөлімінің негізін салушы" ғалымның 150 жылдығына орай кітапханалық ревю өткізілді. Шара мақсаты: оқушыларға алаштың бес арысының бірін таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу.
2022 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша еліміз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:
- «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;
- «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;
- «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;
- Қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану».
Шара барысында кітапханашы балаларға Ахмет Байтұрсынұлының  шығармашылығыменен, өмірінен қызықты деректермен таныстырды.Бұл іс шара саналы ғұмырын қазақ халқын ағарту ісіне арнаған Ахмет Байтұрсынұлының ерліктерін ашуға септігін тигізеді. Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың тұңғыш әліппесінің авторы екенін білді. Қатысушылардың орындауында ақынның өлеңдері оқылды. Балалар жазушының кітаптары, оның шығармашылығы туралы белгілі тұлғалардың пікірлері, сын мақалалары мен әдеби жинақтарымен танысуға мүмкіндік алды.