8 қыркүйек күні Степной модельді ауылдық кітапханасында "Балалар жылы-2022" аясында отбасы күніне орай ұйымдастырылған "Отбасы-бақыт аясы" атты библиокездесу өткізілді.

Мақсаты: Балаларға қазақтың отбасылық салт-дәстүрлерін насихаттау, отбасылардың қарым-қатынасындағы сенімділік пен сыйластықты қалыптастыру.

Шара барысында кездесу кешіне отбасында ардақты әке, аяулы ана болып отырған 3 отбасы қатысты.

1. Дінжановтар отбасы

2. Күнбергеновтер отбасы

3. Аққұловтар отбасы

Отбасы адамдарымен ой бөлісу сұрақтары қойылып, сұхбат жүргізілді. Ата-аналар отбасындағы қызықты естеліктермен бөлісті. Плакатқа суреттер салып, отбасылық өмірдегі мінез-құлықтарын аңықтай алды. Кітап көрмеге "Қазақтың отбасылық салт-дәстүрлері", "Шежірелі шаңырақ", Бақыттың кілті, балалар журналы т.б. кітаптар қойылды.

Кеш соңында отбасыларға алғыс айтылып, тәтті сыйлықтар тарту етілді.