23 қыркүйек күні Қарғалы аудандық балалар кітапханасында « Кіtap Tіmе – 2022» республикалық кітап фестивалі аясында, «Кітап арқылы ашылған сырлар әлемі» тақырыбында интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды. Кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында өтті. Шараға №2 Бадамша орта мектебінің 4 «А», 4«Ә» класс оқушыларымен ұстаздары қатысты. Шарада оқырмандар 2 топқа бөлініп өз білімдерін, өнерлерін ортаға салды. 1ші -топ: «Білгірлер», 2 ші-топ: «Алғырлар» командалары болып бөлініп , «Сен жалғастыр»... , «Қанталапай» ойыны , «Тездет, бірақ қателеспе» , «Ертегі құрастыруы», « Музыкалық шоу» ойындары бойынша берілген тапсырмаларға оқырмандар белсене қатысты. Оқушылардың жинаған ұпайларын есептей отырып, ең көп ұпай жинаған топтарға орындар беріледі. Шара соңында «Кітаптар әлемі» атты кітап көрмесімен кітапханашы К. Т.Алжанова таныстырды.