«Тіл білімінің атасы» «Бір ел, бір кітап» облыстық акциясына таңдалып алынған Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын насихаттау бойынша Қарғалы аудандық орталық кітапханасы 29 қыркүйек күні «Тіл білімінің атасы» атты шара өткізді. Шараның мақсаты: Ана тіліміздің мерекесіне орай, тіліміздің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. Ақынның шығармашылығы мен өмірі жайлы насихаттау, ақынның ірілігі мен парасаттылығын айқындай түсу. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, З. Гусманова таныстырды.









