29 қыркүйек Степной модельді ауылдық кітапханасы мен Степной ауылдық клубы қызметкерлерімен бірігіп Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған "Сіздің жылдарыңыз-біздің байлығымыз" атты қарттармен кездесу кешін өткізді. Кездесу кешінде қарттарымызға  дастархан жайылып, мейрамдарымен құттықтады. Степной модельді ауылдық кітапханасы меңгерушісі Алмуханова Гульназ қарттармен ойын өткізді. Әжелер "әуенді тап" ойынын ойнап ескі әндерді шырқады. Сұрақ-жауап ойындары өткізіліп, ортаға шығып би биледі.
Кеш соңында бата беріліп, қарттарымыз өздерінің ризашылықтарын білдірді.