1 қазанда Қазақстанда ерекше мереке! Бұл күні "Қарттар күні" аталып өтіледі.
Қарттарымыз бізге үлгі-өнегесімен, мейірімге баулитын, жақын жандарға қамқорлық жасап, ұрпақтар сабақтастығының кепілі болған жандар.
Желтау ауылдық округінде , қарттар күніне «Сіздің жылдарыңыз – біздің байлығымыз» атты мерекелік іс-шара өткізіліп, қарт ауылдастарымызға дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Қонақтар ән айтып, би биледі. Кеш соңында ауылдың ақсақалы өз батасын берді. Үлкендеріміз риза болып тарқады.
Үлкендерімізді "Қарттар күнімен" шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бейбіт аспан, жылулық, махаббат пен ұзақ өмір тілейміз.









