11 қазанда Петропавл модельді ауылдық кітапханасында "Рухани жаңғыру: болашаққа сенімді көпір" атты тейбл - ток өткізілді.
Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласына арналған. Қатысушылар "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуын талқылады. Бұл мақалада Н.Ә.Назарбаев жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлтты қалыптастыру және қоғамдық сананы өзгерту туралы өз ойымен бөлісті. Қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды міндеттерін белгілеп, елімізді дамудың сапалық жаңа деңгейіне бастайтын халқымыздың алдына жаңа көкжиектер ашты. Талқылау барысында қатысушылар ақпарат алып қана қойған жоқ, сонымен бірге олар өздерінің көзқарастарын, болашаққа бағдарламаны жүзеге асырудың ықтимал перспективаларын көрсете алды. Қалықбаев Ерлан бағдарламада көрсетілген міндеттер өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыратынын атап өтті.
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының барлық бағыттарын ашатын кітап көрмесі қойылды.









