Іс-шара барысында кітапханашы экологияның өзекті мәселесіне тоқталып және өсімтал ұрпақ үшін табиғаттың үш қорын: Жер, Ауа және Суды не үшін қорғап, таза сақтау керектігі туралы айтып өтті.
Балалар салауатты өмір салтының не екенін түсінетіндіктен, Денсаулық тақырыбындағы викторинаға белсенді қатысты. Оқушылар "Бұл менмін, бұл менмін, бұл менің барлық достарым" ойынына қатысып, дене шынықтыру минутында сергіп алды.
Аталған іс-шараның мақсаты: оқушылардың қоршаған орта, экология бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту, денсаулық туралы ұғымды тереңдету, табиғаттағы экологиялық проблемалардың маңыздылығын және әр адамның экологиялық жағдайларға жауапты көзқарасын қалыптастыру.









