Степной модельді ауылдық кітапханасында 25 қазан-Республика күніне орай аудандық кітап керуені аясында Қазақстан-бейбітшілік мекені атты кітаптар арқылы Қазақстанға саяхат өткізілді. Шараның мақсаты Оқырмандардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімдерін ояту. Шараға Степной ауылдық мәдениет үйі меңгерушісі, қызметкерлері, Сазды орта мектебінің мұғалімдері қатысты. Шара барысында ҚР Президенті Тоқаев Қасым Жомарт Кемелұлының жолдауы талқыланды. Кітапхана меңгерушісі Қазақстан оның егемендігі туралы мәліметтер оқыды. Кітап көрмесіне ҚР Президентінің VI томдық кітаптары, Қазақстан атты фотоальбом жинақ кітабы,т.б кітаптар қойылды. #Республикакүні2022 @stepnoi_mak









