27 қазан күні Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасында "Парасат жолы - адалдық алаңы" атты ақпараттық дайджест өткізілді.
Шараның мақсаты оқырмандарға адалдық, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу.
Кітапхана меңгерушісі оқырмандарды "Сыбайлас жемқорлық" атты кітап көрмесімен таныстырып, шолу өткізді. Оқырмандар кітаптардан көптеген ақпараттармен танысты. Шара барысында оқырмандар өздерінің өмір жолдарымен, жеткен жетістіктерімен таныстырып, адал ұрпақ тәрбиелеудегі басымдықтар бойынша ойларымен бөлісті. Қатысушылардың сұрактарына жауап берумен қатар, адалдыққа қатысты пікірлер тыңдалды.