"Парасат жолы " жобасы - адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған жоба болып табылады. Аталған жобаны жетекшілікке ала отырып,Қос-Истек орта мектебінің оқушыларымен "Сыбайлас жемқорлық - қоғамдық дерт" тақырыбында ақпараттық-дайджест өткізілді.
Мақсаты: - өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу , сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандары , оның тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларындағы ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, патриоттық тәрбиені қалыптастыру.
Іс-шара барысында кітапханашы Г.А. Байменова оқушыларға сыбайлас жемқорлық сөзінің нені білдіретінін және ол үшін заңнамалық база, атап айтқанда, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң қалыптастырылғанын түсіндірді.
Шара соңында өткізілген "Сыбайлас жемқорлық" тақырыбындағы конкурс-викторинаға балалар белсенділік танытты.









