18 қараша Степной модельді ауылдық кітапханасында "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Тіл білімінің атасы-Ахмет Байтұрсынов" атты танымдық сағат өткізілді. Шараға 4 сынып оқушылары мен ауылдық клубының үйірмелер жетекшісі Жолбосынова Әйгерім қатысты. Шара барысында оқырмандарға ақынның шығармалары баяндалды. Оқырмандар ақынның өмірінен берілген сұрақтарға жауап берді. Оқырмандар ақынның "Маса" шығармасынан үзінді оқыды. Кітап көрмесіне ақын туралы буклет, "Әдебиет танытқыш", "Тіл құралы", басқа да кітаптары қойылды.