Бүгін Қарғалы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 18 қараша күнгі «Ымырттағы кітапхана» әлеуметтік шарасы өтті. Бағдарлама бойынша балалар ақыны Жақан Смаковтың 90 жылдығына және шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің шоқжұлдызы» әдеби калейдоскоп өтті. Ақынның өлеңдері оқылып, сұрақ-жауап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш интеллектуалды ойындармен жалғасты . «Ақылды білгірлер», «Кім тапқыр», «Очумелые ручки» подделки, сиқырлы бет бояуы салоны «Сүйікті кейіпкерлер», «Ғажайыптар жәрмеңкесі». Шара соңында «Кітапханалық би алаңы» флешмоб биімен аяқталды. «Ымырттағы кітапхана» акциясы – кітапханашылардың ұйымшылдықпен, зор еңбекпен атқаратын, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланыстың нығая түсуіне септігін тигізетін дәстүрлі, ауқымды шара.