15 желтоқсанда Петропавл модельді ауылдық кітапханасы «Тәуелсіздік шежіресі» атты әдеби сағаты өткізілді. Шара мақсаты: Тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің, сан қилы тарихын әр оқырманның санасына жеткізу. Әр оқырманның Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шараның басында Әнұран шырқалды. Оқырмандар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Республикамыздың Тәуелсіздігінің бастауы болғанымен зор ілтипатпен танысты.. Кітапханашы аталған іс-шараларға қатысушылар Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, бұл оқиғаларға не себеп болғаны туралы айтып берді. «Желтоқсан ызғары» атты бейнеролик көрсетілді. Шара барысында мемлекетіміздің қалыптасуының негізгі кезеңдері – Тәуелсіздік алған күннен бастап бүгінгі күнге дейін де айтылды. Шара соңында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуының негізгі тарихи белестерін ашқан «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.