Кітапхана кубогы
2022 жылдың 15 желтоқсанында #2 Бадамша орта мектебінде Қарғалы аудындық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесі мен балалар жылы аясында "Кітапхана кубогы" пікір сайысы ұйымдастырылды.Шара барысында 7 фракция өзара Тәуелсіздік, мектеп өмірі мен кітап туралы түсініктерге анықтамалар берді. Нәтижесінде үздіктердің қатарында Лидер, Ақиқат ұшқыны, Ділмар және Парасат фракциялары танылды. Ойынның үздік төрешісі Н. Тоқсұлу болса, үздік спикерлер қатарында Қ. Айшабибі мен Қ. Нұрсәт деп танылды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын!









