2023 жыл "Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері - Төлен Әбдіковтың шығармашылығы таңдалды.
Акцияның мақсаты-оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын ояту Төлен Әбдіковтың шығармашылығын насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік – патриоттық тәрбиеге баулу, ана тіліне ұқыптылықты қалыптастыру. 2023 жылғы 18 қаңтарда Қос-Естек ауылдық кітапханасында "Бір ел-бір кітап", Республикалық акциясының және "Оқитын өлке" облыстық акциясының ашылулары өтті. Шара барысында кітапханашы Г. Байменова кітап көрмесін ұйымдастырып, Төлен Әбдіктің есімі аталып, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналғаны туралы айтты.
Төлен Әбдіковтің барлық жан-жақты қоғамдық және шығармашылық қызметі қазақ халқының әлемдік өркениетті мәдениетпен танысуына, ал жазушының шығармалары-адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттерге шақырады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г Б Досмағамбетова" "Оң қол ""Ақиқат" "Ақыл-ойдың жанып тұрған соғысы"шығармаларымен таныстырды.
Т. Әбдіков өз шығармаларында өмірді оның қайшылықтарымен, адами қатынастардың күрделілігімен жеткізуге тырысады. Оның шығармалары оқырмандардың назарын оқиғаларды жеткізудің шынайылығымен ғана емес, сонымен бірге баяндаудың эмоционалды құрамдас бөлігімен де тартады
Іс-шара барысында оқырмандар Ұлы адамның өміріне, шығармашылығына қызығушылық танытты.









