19 қаңтар Степной модельді ауылдық кітапханасы оқырмандарының қатысуымен болашақ оқырмандарды кітап оқуға шақыру, қызықтыру, адамгершілікке, ізгілікке баулу мақсатында "Кітап - білім азығы" атты буктрейлер шарасы онлайн түрде өткізілді.
Бейнеде әр оқырман өзінің жанына жақын көріп оқитын кітабының мазмұнын айтып сипаттап беріп, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Буктрейлер - кез келген еркін және көркем формадағы кітап туралы баяндайтын қысқа бейне.