24 қаңтар Степной модельді ауылдық кітапханасы Сазды орта мектебінің 6-7сынып оқушыларының қатысуымен "Халық данасы -Бұқар жырау" атты танымдық сағат өткізді. Шараның мақсаты қазақтың әйгілі жырауының өмірбаяны туралы тарихи мағлұмат беру. Шара қазақ және орыс тілінде өткізілді. Бұқар жыраудың жырлары мен толғауларын кітапхана меңгерушісі таныстырып өтті. Абылай ханның тұсында жыр толғаған жыраудың толғауларынан үзінділер оқылды. Оқырмандар жыраудың өмірі туралы көптеген мағлұматтармен танысты. "Ақындар аманаты " кітабынан жыраудың толғаулары да оқылып мазмұнына талдау жасалды.









