27 қаңтар күні Қарғалы аудандық кітапханасында "Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам" тақырыбыгда Жастар ресурстық орталығымен бірлескен пікірталас ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық түсінігі,сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін көзделетін жауапкершіліктер, сыбайлас жемқорлық қайдан бастау алады деген мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Жастар мемлекет саясатының сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан іс-шараларға оң пікірлер білдіріп,сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың бір жолы - мықты білім мен адал еңбек деген көзқарасқа тоқтады.