Петропавл модельді ауылдық кітапханасы, 8 наурыз "Халықаралық әйелдер мерекесіне" арналған "Ана өмір шырағы" атты екі ұрпақтың кездесуін өткізді. Шара мақсаты: Оқырмандардың бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру,
Оқырмандарды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу . Шараға ақ жаулықты көп балалы аналар шақырылды. Қонақтарға дәмді дастархан жайылды.Аналарды ауылдың жыршы - термешісі Ырсымбетов Бекболат өзінің тілегін білдіріп, " Бір шәугім шәй" әнін орындап берді. Оқырмандар аналарына өздерінің өнерін көрсетті. Іс шара қатысушылары " Анамның алақаны", " Анамның дауысы" атты ойын ойнады. Жас оқырмандар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын, аналарына табыстады. Шара барында ер балдар, қыз балдарға өздерінің дайындаған сыйлықтарын сыйлады. Шара соңында аналарымыз өздерінің тілегін білдіріп, қыз балдарға әкелген сыйлықтарын таратып, жайылған дастарханнан дәм таттып, батасын берді.









