“Балалар кітабы” апталық аясында Қос Естек ауылдық кітапханасы 3 "Б" сынып оқушыларымен “Балалар кітабы алемді бағындырады” атты әдеби кешке саяхат жасады. Кеш барысында балалар түрлі кітаптар сиқырына енді. Кітапханашы Г. Байменова  балаларды “Ертегіні жақсы білемісің?”  атты сергіту ойынына шақырды. Сонымен қатар әдебиет әлеміне саяхат жасап, ертегі жайында бейнежазба, ертегі кейіпкерлері жасырылған жұмбақ, тағы да басқа түрлі конкурстар ұйымдастырылды. Оқушылар өздеріне таныс ертегілер мен басты кейіпкерлерді еске түсіріп пазл жинады. Оқушылар ой өрістерін ұштай отырып, өздерін басты рөлдерге қоя білді. Барлық қатысушылар өздеріне берілген тапсырманы өте жоғарғы деңгейде алып шықты. Барлық ертегіні жақсы білетіндері қуантты. Бірі естеріне түсіріп, бірі білмегенін сұрап, керек жерін түртіп алды. Әлі де болса көп оқу керегін түсінді. Кеш барлық қатысушыларымызға жағымды эмоция мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Оқушыларға кеш соңында  сыйлықтары табысталды.