12 сәуір Степной модельді ауылдық кітапханасы, ауылдық клуб қызметкерлері бірігіп Халыкаралық авиация және ғарышкерлер күніне орай "Ғарыш-келешектің кемелді жолы" атты әдеби калейдоскоп өткізілді. Шараның мақсаты: Оқырмандарға ғарыш әлемі туралы және ғарышкерлер күнін атап өтуді, Қазақстан ғарышкерлерінің батырлығын айту.
Шараға Сазды орта мектебінің 5 сынып оқырмандары қатысты. "Ғалам" атты Балалар энциклопедиясында оқырмандар ғарыш әлемін оның ішінде ғаламшарлар туралы мәліметтермен танысты. Білетін ғаламшарларын да атап берді. Ғарыш әлеміне ұшқан ғарышкерлер туралы видеоролик көрсетілді. Оның ішінде қазақ ғарышкерлері туралы да айтылды. Клуб қызметкері Жолбосынова Әйгерім ғарышкерлер туралы ақпаратты толығырақ жалғастырды. Оқырмандарға ғарышкерлер туралы сұрақтар да қойылып, жауаптарымен бөлісті. Кітап көрмесіне "Ғалам" балалар энциклопедиясы, "Ғарыш пен қазақ", "Дымбілместің айға ұшуы" атты кітаптары қойылды. Оқырмандар кітап көрмесіне шолу жасады.









