11сәуір күні Ш.Қалдаяқов модельді ауылдық кітапханасы, Шәмші клубы және "Бөбек бөбекжай" балабақшасың тәрбиешілері Ғарышкерлер күніне іс-шара ұйымдастырылды.
"Ымырттағы кітапхана" мәдени-әлеуметтік шарасы аясында 12 сәуір - бүкіл әлем адамның ғарышқа алғашқы ұшуына арналған және КСРО ғарышкері Кеңес Одағының Батыры Виктор Иванович Пацаевтың 90 жылдығына орай "Аты аңызға айналған"атты медиапортрет өткізілді.
Шараға"Бөбек бөбекжайдың" үлкен топ балалар қатысты.
Шара барысында балалармен әр түрлі ғарышқа арналған ойындар ойнатылып, ән айтып, арнайы жасақталған ғарышкерлерге арналған кітаптар, күнді айналып жүрген ғаламшарлар және "Аты аңызға айналған" кітап көрмесімен таныстырып, кітапханашы библиографиялық шолу жасап шықты.
Шара сонында Шәмші клуб, кітапхана атынан, барлық балаларға тәттілер таратылды.









