"Бір ел - бір кітап" - Төлен Әбдіковтың шығармаларын бірге оқимыз!
13 сәуірде Ащылысай Үлгілі ауылдық кітапханасында "Бір ел – бір кітап"республикалық акциясы аясында әдеби кеш өтті. 2023 жыл белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері - Төлен Әбдіковтың шығармашылығына арналған. Т.Әбдіков өз шығармаларында өмірді оның қайшылықтарымен, адами қатынастардың күрделілігімен жеткізуге тырысады. Оның шығармалары оқырмандардың назарын оқиғаларды жеткізудің шынайылығымен ғана емес, сонымен бірге баяндаудың эмоционалды құрамдас бөлігімен де тартады.